Діни сала қызметкерлері жаңа оқу нысанымен танысты
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлектерімен кездесуге келген Діни сала қызметкерлері жаңадан салынып жатқан оқу ғимаратының құрылысымен танысты. Құрылыс барысын университеттің проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар таныстырды.
Осы күні 9 қабаттан тұратын нысанның монолиттік жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар, оқу аудиторияларын бөлу және сыртқы сылақ жұмыстары жүргізіліп, терезелерді орнату жұмыстары 70 пайызға орындалды.
Оқу ошағының проректоры, PhD доктор Оңғар Ершат Ағыбайұлы жалпы аумағы 30 000 шаршы метрді құрайтын оқу ғимаратының құрылысына атсалысып жатқан барша азаматтарға университет атынан алғыс айтты. Жаңа кешеннің бой көтеруі барысына өзге өңірден келген азаматтар оң баға берді.
Соңғылар
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры,









