Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
Ғылыми кеңес
АБДУЛЛАЕВ НҰРСҰЛТАН БАҚЫТҰЛЫ
Ғылыми кеңес хатшысы
e-mail: nur.nmu@mail.ru
Ғылыми кеңестің құзыреті
-
1
Университеттің құрылымына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
-
2
Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің құзыретін, олардың құрылуы өкілеттігін тоқтату тәртібін анықтау;
-
3
Университеттің оқу және ғылыми бөлімшелерін (бөлімдерді, орталықтарды, ҒЗИ, зертханаларды, кафедраларды, факультеттерді және т.с.с.) құру, қайта құру және (немесе) олардың қызметін тоқтату;
-
4
Университеттің тұжырымдамасын анықтау, академиялық және әлеуметтік саясатын және даму мақсаттарын бекіту;
-
5
Ғылыми кеңестің, факультеттердің және басқа Кеңестердің құрылу тәртібі мен қызметін, құрамы мен өкілеттіктерін бекіту;
-
6
Оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың және ғылыми- педагогикалық кадрларды дайындаудың негізгі мәселелерін шешу;
-
7
Ректордың Университет қызметі туралы, проректордың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және басқа лауазымды тұлғалардың оқу, ғылыми- зерттеу, тәрбие, қаржылық, шаруашылық, ақпараттық, халықаралық қызметі мен қызметтің өзге түрлерін жүргізу бағыттары, нысандары мен әдістері туралы жылдық есептерін тыңдау;
-
8
Университеттің құрылымын бекіту;
-
9
Оқулықтар мен оқу құралдарын және оқу-әдістемелік құралдарын басып шығару мәселесін қарау және ұсыныстар беру;
-
10
Білім алушыларды ақылы бөлімнен білім беру грантына, қашықтықтан оқытуға және экстернат нысанында оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдау;
-
11
Университеттің құрметті атақтарын бекіту және беру, Университеттің естелік медальдарымен марапаттау;
-
12
Білімді ағымдағы бағалау, аралық аттестаттау туралы, білім алушыларға стипендия тағайындау туралы ережелерді және басқа ережелерді бекіту;
-
13
Жұмыс оқу жоспарын, академиялық күнтізбелерді, оқу процесінің графиктерін (оқу сабақтарының, тәжірибелердің мерзімдерін) бекіту және оларға өзгерістер енгізу;
-
14
ҚР Заңы мен университет ережесіне қайшы келмейтін басқа да мәселелерді шешу;