«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші түлектерді оқуға шақыру жиыны өтті
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші курс студенттерін «Хусамуддин ас-Сығанақи» атындағы ислам институтына шақыру жиыны ұйымдастырылды. Іс-шараға Астана қаласынан келген аталмыш оқу орнының өкілдері қатысып, шәкірттерге білім беру жүйесін таныстырды.
Ер балаларға арналған білім ордасының мақсаты – ілімге құмартқан азаматтарға жүйелі білім беру, классикалық еңбектерді оқыту, олардың Құран ілімін, Тәжуид ілімін, араб тілін жетік меңгеруіне ықпал ету. Сондай-ақ аталған оқу ошағы діни білім іздеп шетелге кететін жастардың өз елімізде біліктілігін жетілдіруіне де мүмкіндік береді.
Институтта «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін, өзге де ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждерді тәмамдаған түлектер мен имамдар білімін тереңдете алады. Одан бөлек, жас қариларды жігерлендіру мақсатында институт жанынан Ижаза беру орталығы жұмыс істейді.
Соңғылар
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры,




