«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналының редакциялық алқасымен кездесу өтті

Аталған оқу орнында «Исламтану зерттеулері» журналының таныстырылымы ұйымдастырылып, жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы студенттер қатысты.

«Исламтану зерттеулері» журналы – дінтану және исламтану бағытында өзекті ғылыми еңбектерді қамтитын, аталмыш салаларды зерттеуші ғалымдар мен ізденушілер үшін маңызды ғылыми басылым. Іс-шара барысында журналдың жауапты редакторы Махмет Мұратхан ғылыми мақалаларды ұсыну талаптары мен оларды рәсімдеудің негізгі қағидаларына тоқталды.

Журналдың бас редакторы, профессор Шамшәдин Тұрсынұлы Керім ғылыми мақалаларды жариялаудың маңыздылығын атап өтіп, жас зерттеушілерді ғылыми белсенділікке шақырды.

Сонымен қатар, кездесуде ғылыми мақалаларды халықаралық талаптарға сай дайындау, жариялау мәдениетін қалыптастыру және академиялық жазудың негізгі дағдыларын меңгеру мәселелері кеңінен талқыланды. Аталған тақырыптар аясында қауымдастырылған профессор Қалмахан Сейтұлы Ержан мазмұнды баяндама жасап, жас ғалымдарға бағыт-бағдар берді.

Соңғылар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
25.04.2026 Жаналықтар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры,

Read More
Scroll to Top