ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАР ТУРАЛЫ ОНЛАЙН WORKSHOP ӨТТІ
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 6-17 сәуір аралығында өтіп жатқан Ғылым апталығы аясында онлайн форматта workshop ұйымдастырылды. Іс-шара тақырыбы «Жоғары рейтингті журналдардағы академиялық басылымдардың пікірталас тудыратын мәселелері» деген атаумен аталып, араб және қазақ тілдерінде татымды талқылаулар жасалды.
Қашықтан өрбіген жиын барысында халықаралық ғылыми жарияланымдар саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Соның ішінде академиялық жариялау сапасын арттыру, зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу сынды түрлі тақырыптар қаузалды. Іргелі ғалымдарды бір алаңда тоғыстырған Workshop ғылыми қауымдастықтың күрмеулі түйткілдерін шешуге, қатысушыларға кәсіби бағыт-бағдар беруге бағытталды.
Соңғылар
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры,






