Университет халықаралық ынтымақтастықты Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырады.
Университет шетелдік білім, ғылым, мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыс орнатады. Озық тәжірибені зерттеу және тарату, білім беру қызметтерінің экспортын кеңейту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасайды.
Университет шетелдік серіктестермен оқу, әдістемелік, ғылыми және техникалық ақпараттармен алмасады, сыртқы нарықта ғылыми және тәжірибелік жұмыстарды ілгерілетуге көмектеседі, білімалушылар, оқытушылар мен зерттеушілердің халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға қолдау көрсетеді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Толығырақ...Серіктестер
Толығырақ...Академиялық ұтқырлық бағдарламасы, Карабук университеті. Карабук, Түркия.
Нұр-Мүбарак университетінде оқып жатқан Танзаниялық шетелдік студенттер
Оқытушылардың ғылыми тәжірибе алмасу курсы. Анкара, Түркия
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы, Айн Шамс университеті. Каир, Египет.