Керім Шамшәдин Тұрсынұлы
филология ғылымдарының докторы, профессор
Халықаралық ғылыми зерттеу және инновация орталығының директоры
Халықаралық ғылыми зерттеу және инновация орталығы
Халықаралық ғылыми зерттеу және инновация орталығы – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментіне қарасты құрылымдық бөлімше. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Орталық мақсаты
Орталық мақсаты — іргелі, қолданбалы және инновациялық негіздегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Орталық қызметінің міндеттері:
- ЖОО жоспарының негізгі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
- Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда Университет алдында тұрған міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарды әзірлеу, талдау және ақпараттарды таратуды ұйымдастыру;
- Оқу орнының ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесу;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан гранттық және бағдарламалық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар конкурстарына қатысу;
- Ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, кеңестер және өзге де ғылыми іс-шаралар ұйымдастыруға атсалысу;
- Халықаралық және республикалық ғылыми байланыстарды жүзеге асыру;
- Жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу және дамыту үшін жобалар мен стартаптарды қолдау;
- Шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен және университеттерімен серіктестік орнатып, халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізу;
- Ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамыту үшін қажетті ақпараттық ресурстар мен әдістемелік материалдар ұсыну.
Ғылыми-зерттеу орталығының функциялары:
- Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне оның қызмет бағыттары шеңберінде қызмет көрсету және белгіленген тәртіпте зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну.
- Бірлескен зерттеулер жүргізу мақсатында оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен ғылыми ынтымақтастықтың перспективалық нысандарын дамыту.
- Ғылыми және инновациялық қызмет мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету.
- Ғылыми-зерттеу нәтижелерін оқу процесіне енгізу және пайдалануды үйлестіру арқылы мамандарды дайындау сапасын арттыру.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.