НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАЛАПКЕР - 2026
Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстандағы ТОП-20 ЖОО қатарына кіреді. Университет қаламыздың экологиялық таза аймағында Алатау бөктерінде орналасқан. Университетте: 2 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешен (футбол, волейбол, баскетбол, мұз айдыны, жаттығу залы), кітапхана, оқу залдары, студенттерге қызмет көрсету орталығы, асхана жұмыс істейді.
Білім беру бағдарламалары:
6В02201 - Исламтану
6В02202 - Дінтану
6В02203 - Теология
6В02306 - Аударма ісі
6В02301 - Шетел филологиясы
Талапкерлерге арналған шығармашылық емтихан сұрақтары
Қажетті құжаттар тізімі
- Өтініш;
- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа) қосымшасымен (бірге);
- 3*4 мөлшердегі 2 фотосурет;
- 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
- 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Сотталмағандығын растайтын анықтама;
- Психологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (503 университет коды) Оқуға қабылдау бойынша ақпарат
| № | БББ | Оқу мерзімі | Білім беру деңгейі | Оқуға тапсыру мерзімдері | ҰБТ пәндері | Ескерту |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 6B02306 Аударма ісі – 800 мың тг | 4 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–25.08.2025 | Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы; Матем. сауаттылық; Жалпы тарих; Ағылшын тілі | |
| 2 | 6B02301 Шетел филологиясы – 800 мың тг | 4 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–25.08.2025 | Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы; Матем. сауаттылық; Жалпы тарих; Ағылшын тілі | |
| 3 | 6B02201 Исламтану – 1 млн тг | 4 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–07.07.2025 | Шығармашылық ҰБТ: Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы | 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан тапсыру мерзімі |
| 4 | 6B02201 Исламтану – 1 млн тг | 3 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–25.08.2025 (ақылы) 20.06.2025–07.07.2025 (грант) | Сұхбаттасу (ақылы оқу үшін) Немесе ҰБТ: Қазақстан тарихы | 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан |
| 5 | 6B02201 Исламтану – 1 млн тг | 2 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–25.08.2025 | Сұхбаттасу | |
| 6 | 6B02202 Дінтану – 800 мың тг | 4 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–07.07.2025 | Шығармашылық ҰБТ: Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы | 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан |
| 7 | 6B02202 Дінтану – 800 мың тг | 3 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–25.08.2025 (ақылы) 20.06.2025–07.07.2025 (грант) | Сұхбаттасу (ақылы) Немесе ҰБТ: Қазақстан тарихы | 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан |
| 8 | 6B02202 Дінтану – 800 мың тг | 2 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–25.08.2025 | Сұхбаттасу | |
| 9 | 6B02203 Теология – 800 мың тг | 4 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–07.07.2025 | Шығармашылық ҰБТ: Қазақстан тарихы; Оқу сауаттылығы | 08.07.2025–15.07.2025 – Шығармашылық емтихан |
| 10 | 6B02203 Теология – 800 мың тг | 2 жыл | Бакалавриат | 20.06.2025–25.08.2025 | Сұхбаттасу |
ҰБТ тапсыру үшін www.app.testcenter.kz сайтына тіркеліп өтініш білдіре алады. Құжат қабылдау уақыты: 20.06-07.07 Шығармашылық емтихан уақыты: 08.07-15.07
Нұр-Мүбарак университетінің жатақханасы
📌 Негізгі ақпарат
- Жалпы орын саны: 610
- Құжат: Жеке куәлік
- Қабылдау: 1-курс және басқа қала/облыстан келген студенттер
- Құжат тапсыру орны: Әлеуметтік даму департаменті
🏠 Жайлылық пен қауіпсіздік
- Әр қабатта: 24 бөлме, 2 асхана, 2 оқу залы
- Әр бөлмеде: 6 студентке арналған орын, жеке душ пен дәретхана, кереует, үстел, тумбочка, шкаф
- Асхана жабдықтары: 2 газ плита, 2 тоңазытқыш, 1 мұздатқыш, жеке азық-түлік сөрелері
📚 Қосымша мүмкіндіктер
- 12 оқу залы
- 1 спорт залы
- Арнайы намазхана және Құран оқуға арналған бөлмелер
- Кітапхана, тыныш әрі таза орта
- Кір жуатын машиналар
🔐 Қауіпсіздік және тәртіп
- Толық бейнебақылау
- Еркін кіріп-шығу уақыты: таңғы намаздан түнгі 23:00-ге дейін
- Тәртіп пен тазалыққа жауапты: Тәлімгер ұстаздар мен вахта қызметкерлері
! Ұлдар мен қыздарға бөлек жатақхана
Нұр-Мүбарак университетінің жатақханасы — бұл жай баспана ғана емес, білім мен руханияттың үйлескен ортасы.








