ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ОРТАЛЫҒЫ
Қысқаша тарихы
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің жанында 2021 жылғы 9 қаңтарда Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы құрылды. Академия университеттің діни қауіпсіздік бағытындағы ғылыми-ағартушылық әлеуетін арттыру, жастар арасында деструктивті және радикалды идеологиялардың алдын алу, сондай-ақ діни сауаттылықты күшейту мақсатында қызметін бастады.
Академия құрылымында университеттің ғылыми және стратегиялық бағдарламаларына сәйкес профилактикалық, ағартушылық және аналитикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. 2025 жылғы 1 сәуірде ұйым құрылымын оңтайландыру және қызмет бағыттарын кеңейту мақсатында академияның атауы өзгертіліп, ол ресми түрде Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы болып қайта құрылды.
Қайта ұйымдастырудан кейін Орталықтың мәртебесі, функциялары және міндеттері жаңартылып, профилактикалық, ғылыми-талдамалық, әдістемелік және ақпараттық қызметтері кеңейтілді. Орталықтың құрылуы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Білім туралы» заңдарына, университет Жарғысына және стратегиялық даму жоспарларына толық сәйкес жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы университеттің негізгі профилактикалық, ғылыми және ағартушылық құрылымдарының бірі ретінде тұрақты қызмет атқарады. Орталық жастар арасында діни сауаттылықты арттыруға, радикалды идеологияның алдын алуға, ұлттық және зайырлы құндылықтарды насихаттауға бағытталған кешенді жұмыстарды жүзеге асырады.
- Студенттер мен қызметкерлерге радикалды діни ағымдардың белгілері мен қауіптілігін түсіндіру;
- Зайырлылық қағидаттарын насихаттау және рухани-идеялық иммунитет қалыптастыру.
- Қазақ халқының ұлттық-рухани және моральдық құндылықтарын насихаттау;
- Дәстүрлі мәдени және діни мұраларды таныстыру арқылы жастардың деструктивті әсерлерге қарсы тұру қабілетін арттыру.
- Қазақстандағы діни ахуалға кешенді талдау жасау;
- Деструктивті ұйымдар мен экстремистік топтардың қызметін зерттеу;
- Алдын алу және ағартушылық жұмыстарға ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.
- Теологтар, дінтанушылар, имамдар, ҚАЖ мамандары және басқа мамандар үшін кәсіби курстар, тренингтер және семинарлар ұйымдастыру;
- Отандық және шетелдік сарапшыларды тарту арқылы тәжірибе алмасу бағдарламаларын дамыту.
5. Жастарда сыни ойлау мен діни сауаттылық қалыптастыру
6. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық
7. Медиа, әдістемелік және ақпараттық өнімдер әзірлеу
8. Институционалдық даму
Миссиясы
Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының миссиясы – жастарды деструктивті идеологиялардан қорғау, діни сауаттылықты арттыру, ұлттық және зайырлы құндылықтарды насихаттау арқылы университет пен Қазақстандағы діни тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету
Негізгі мақсаты
Орталықтың негізгі мақсаты – студенттер мен қызметкерлер арасында діни экстремизмнің алдын алу, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және радикалды идеологияға қарсы иммунитетті күшейтуге бағытталған кешенді ағартушылық, профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын жүзеге асыру